Грузия биыл жаппай әскери дрондар шығара бастайды

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Сәуір айында Грузияда грузин-поляк өндірісінің барлау және жауынгерлікке арналған ұшқышсыз ұшақтарының сериялық өндірісі басталады. Бұл туралы Грузияның Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладзе мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Agenda.ge сайтына сілтеме жасап.
None

Жұма күні Крцаниси полигонында Грузияның Қорғаныс министрлігі жақында Delta WB грузин-поляк қорғаныс кәсіпорны шығарған ұшқышсыз ұшақтардың алғашқы үлгілерін сынақтан өткізді.

Поляк және грузин мамандары FlyEye және Warmate дрондарын Премьер-Министр Ираклий Гарибашвилиге көрсетті, деп хабарлады елдің Қорғаныс министрлігі.

Грузия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, FlyEye барлық климаттық аймақтарда күрделі метеорологиялық және радиоэлектронды әскери жағдайда жоғары дәлдіктегі тапсырмаларды орындауға арналған және артиллериялық соққыларды үйлестіру үшін барлау құралы ретінде жасалған.

Warmate-ке келетін болсақ, бұл түрлі оқтұмсығы арқылы жоғары дәлдікпен нысанаға соғуға қабілетті құрылғысы бар әскери дрон. Оны поляк армиясы, сондай-ақ НАТО елдерінің басқа әскерлері пайдаланады.

Delta WB ішкі өндірісті күшейту және озық әскери техниканы жаңарту мақсатында Грузияда ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру бойынша бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды. Компания WB Electronics поляк компаниясы мен Delta грузин әскери ғылыми-техникалық орталығының бірлестігінен тұрады.

Қазіргі уақытта компания екі типті ұшу аппараттарының құрастыру желісіне техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Өндірушілердің айтуынша, жақын арада олар жаппай өндіріске кірісіп, жылына 1500-ге дейін дрон шығара алады.


Фото: Грузия үкіметі әкімшілігінің баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар