Грузия экономикасы өткен жыл айтарлықтай өсті – Дүниежүзілік банк

ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузия экономикасында өсу көрсеткіштері байқалуда. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің (ДБ) «Жаһандық экономикалық перспективалар» жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Georgia Today агенттігіне сілтеме жасап.

Грузия экономикасы өткен жыл айтарлықтай өсті – Дүниежүзілік банк

«COVID-19 пандемиясынан кейін ішкі сұраныстың қалпына келуі, туризмнің жандануы және Ресейден ақша аударымдарының артуы Грузияның экономикалық өсуіне айтарлықтай ықпал етті. Соңғы бағалау бойынша, 2022 жылы ол 10%-ды құрады», - делінген ДБ баяндамасында.

Алайда құжатқа сәйкес, Грузияда экономикалық өсім 2023 жылы 10 пайыздан 4 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл экономикалық серіктес елдердегі (ЕО елдері) өсу көрсеткішінің баяулауымен және келетін ақша ағынының азаюымен байланысты.
Банк ақпаратында жаһандық экономикалық өсімнің 2023 жылы 1,7%, ал 2024 жылы 2,7% болатына көрсетілген.

Автор: Серікбол Қошмағанбетов