Грузия үшін Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықта болу маңызды - Николас Гилаури

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Грузия үшін Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықта болу маңызды.

Бұл туралы бүгін елімізге жұмыс сапарымен келген Грузияның Премьер-Министрі Николас Гилаури ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуінен кейін мәлім етті.

Кездесу барысында көлік, туризм, энергетика мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілгенін атап өткен ол: «Қазақстан экспортты ел. Сондықтан да Қазақстан үшін экспорттық әлеуетін әртараптандыру өте маңызды. Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықта болу біз үшін де зор маңызға ие», деді ол.

Осы орайда Грузия Үкіметінің басшысы аталған мәселелерді бірлесіп шешуге ниетті екендігін баса айтты. «Қазіргі уақытта Қазақстан мен Грузияның қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде. Осы орайда Премьер-Министр мырза мен сізді өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта Тбилисиде көргім келеді», - деді Н.Гилаури.

Соңғы жаңалықтар
telegram