Грузияда инфляция соңғы екі жылда ең жоғары шегіне жетті

АСТАНА.KAZINFORM — Грузияда тамыз айында жылдық инфляция 4,6 пайызды құрады, бұл соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Грузияда инфляция соңғы екі жылда ең жоғары шегіне жетті
Фото: Turkic World

Шілде айымен салыстырғанда тұтыну бағасы 0,3%-ға өсті.

«Сакстат» ұлттық статистика қызметі тұтыну қоржынын көрсететін 305 тауар мен қызмет құнының өзгеруі негізінде тұтыну бағаларының индексін есептейді.

Бағаның ең көп өсуі азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындар тобында тіркелді — жылына орта есеппен +10%.

Бағаның күрт өсуі лимон (99%-ға), қара өрік (+82%), шабдалы (+62%), какао (+28%), жүзім (+25%) және балмұздақ (+24%) бойынша тіркелді.

Кейбір маусымдық көкөністер, керісінше, арзандады. Мәселен, қызанақ 33 пайызға, қияр 31 пайызға, баклажан 16 пайызға арзандады.

Денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері тобында бағалар 9,3%-ға өсті, оның ішінде:

Амбулаториялық-емханалық қызмет 10,8%-ға, алкоголь мен темекі өнімдерінің бағасы 4,7%-ға өсті.

Ал көлік секторында бағаның 2,4%-ға төмендеуі байқалды. Алайда көліктерді сатып алу 0,5%-ға, көлік қызметі 0,3%-ға қымбаттады.

Сарапшылардың пікірінше, инфляцияның өсуіне маусымдық факторлар да, азық-түлік пен импорттық тауарларға әлемдік бағаның ықпалы да әсер етіп отыр. Алдағы айларда инфляциялық қысым сақталуы мүмкін, әсіресе аграрлық секторда.

Тамыз айында Грузия экономикасының өсу қарқыны 6,3%-ға дейін төмендегені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар