Грузияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100 кәсіпорын жұмыс істеуде

Айта кетейік, аталған санаторий биылғы қаңтардан бастап іске қосылған еді.
«Бүгінде Грузия елшілігінің алдында тұрған ең маңызды мақсаттардың бірі екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға негізделген. «Риксос-Боржоми» санаториялық-суықтыру кешенінің құрылысы қазақстандық-грузиндік бірлескен жобаны жүзеге асырудың көрнекті табысты қадамы»,-деді Елші.
Қазақстан Грузияның маңызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталған ол, бұл тұрғыда инвестициялар саласында өзара табысты ынтымақтастық екі елдің арасында байланыстарды нығайтып жатқандығын атап өтті.
«Грузияда бүгінде қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ге тарта кәсіпорын тіркелген. 2014 жылы Қазақстанға Грузияның Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилидің ресми сапары екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарға ерекше серпін берді», - деді Елші.
Сонымен қатар З.Патарадзе бірлескен маңызды жобалардың арасында Батуми мұнай терминалын атап, оның өнімді экспортқа шығаруда ерекше теңіз бекеті екенін жеткізді.
«Сонымен қатар қазақстандық банк секторы Грузияда табысты жұмыс істеуде. Бұл салада «Халық банкі» кеңінен қызмет атқаруда. KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігінің сауда миссиясы жыл сайынғы дәстүрге айналды. Оның аясында Тбилисиде екі елдің өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып келеді»,-деп түйді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда қазіргі кезде грузиндік капиталдың қатысуымен 80-ге тарта бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде.