Грузияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 24-26 наурызда Грузия астанасы Тбилисиде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан дзюдо құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жарысқа әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысады деп көзделуде.

Тбилиси татамиінде Қазақстан намысын 24 дзюдошы қорғайды.

Әйелдер:

48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева.

52 кг: Толғанай Әбеуова, Гауһар Ермағамбетова.

57 кг: Бақыт Құсақбаева.

63 кг: Есмигүл Куюлова .

70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы.

+78 кг: Кәмила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Ерлер:

60 кг: Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан.

66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді.

73 кг: Жансай Смағұлов, Асқар Нарқұлов.

81 кг: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар.

90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов.

100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес Grand Slam турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпазға 1000, күміс жүлдегерге – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпайдан беріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан Ригада өтен Еуропа кубогінде Қазақстанның көш бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар