Грузияда пластикалық бөтелкелерге тыйым салынады

АСТАНА. KAZINFORM –  Грузия үкіметі пластик бөтелкедегі сусындарды сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Newsgeorgia.

Пластик бөтелке
سۋرەت: istockphoto.com

Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Соломон Павляшвилидің мәлімдеуінше, бұл тыйым келесі жылдан бастап күшіне енбек.

Оның айтуынша, пластик бөтелкедегі май сатуға және көлемі 10 литрден асатын ауызсуға ерекшелік жасалады. Сондай-ақ шектеу экспортқа шығарылатын өнімдерге қолданылмайды7

Бұл бастама елдегі пластикті пайдалануды азайту науқанының бір бөлігі. 1 қаңтардан бастап Грузияда ішкі нарыққа арналған бірреттік пластик бұйымдарын өндіруге тыйым салынған.

Пластик ыдыстарды тек экспорт үшін ғана өндіруге болады.

1 сәуірден бастап мемлекеттік мекемелерге көлемі 3 литрге дейінгі пластик стақандарды, контейнерлерді және бөтелкелерді сатып алуға тыйым күшіне енеді.

Ал 1 шілдеден бастап бұл шектеу қонақ үйлерге, мейрамханалар мен дәмханаға да қалданылады.

Айта кетелік Қазақстан мен Грузия туризм және спорт саласындағы серіктестікті нығайтады

Соңғы жаңалықтар