Грузияда радиоактивті уран сатпақ болғандар ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Грузияда радиоактивті уранды сатты және сатып алды деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды Грузия Online.

Грузияда радиоактивті уран сатпақ болғандар ұсталды
Фото: apsny.ge

Арнайы операциялар және қарсы барлау департаментінің қызметкерлері Батумиде 3 миллион АҚШ долларына радиоактивті материалды сатпақ болған Грузия азаматы мен шетелдікті ұстады.

- Аталған материалдың радиоактивті альфа және гамма сәуле шығаратынын және қоспа ретіндегі сәуле шығару көзінің қабілетін ескергенде ол түрлі жарылғыш заттар жасауға, сондай-ақ террористік акт немесе нәтижесі жаппай адам өліміне алып келетін әрекеттерді жүзеге асыруға қауқарлы,- делінген МҚҚ хабарламасында.

Ұсталған адамның қай елдің азаматы және аты-жөні кім екені айтылмай отыр. Оларды 5-тен 10 жылған дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Осыған дейін аса ірі алаяқтық жасаған қазақстандық азаматтың Грузияда ұсталғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар