Грузияда жылдық инфляция 0,3 пайызды құрады

АСТАНА. KAZINFORM — Грузияда 2024 жылдың ақпан айында жылдық инфляция 0,3 пайызды құрап, өткен аймен салыстырғанда тұтыну бағасы 0,04 пайызға төмендеген. Бұл туралы дүйсенбіде елдің Ұлттық статистикалық қызметі хабарлады, деп жазады Синхуа агенттігі.

Грузия
Фото: Pyxabay.com

Ведомствоның мәліметінше, ақпан айында базалық инфляция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайызды құрады.

Жылдық инфляцияның қалыптасуына азық-түлік және алкогольсіз сусындар бағасының төмендеуі әсер етті. Бұл топтағы бағалар 3,5 пайызға төмендеді.