Грузиядан экстрадицияланған сотталушыдан мемлекет шығыны өндірілді
АСТАНА. KAZINFORM – Борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

— Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузия Республикасында ұсталып, Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған, — делінген ақпаратта.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабы толық қанағаттандырылды.
— Бүгінгі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді, — делінген Шымкент қаласы прокуратурасы хабарламасында.
Айта кетелік 8,5 млрд теңгені жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланған еді.