Грузияға қоныс аударғысы келетін IT-мамандарға жақсы жаңалық айтылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Грузияда шетелдік IT-мамандарға арналған арнайы тұруға рұқсат түрі енгізіледі, деп хабарлайды Синьхуа.

Сколько женщин возглавляют IT-компании в Astana Hub
Фото: freepik.com

Бұл туралы Грузияның Әділет министрлігі хабарлады. Сонымен қатар ведомство қажетті құжаттар тізімін де ұсынды.

Министрліктің мәліметінше, рұқсат үш жылға беріледі, бірақ егер адам жылына 183 күннен артық елде болмаса, ол күшін жояды.

Тұруға рұқсат IT-мамандардың отбасыларына да қолжетімді. Ол заңды тұруға және кейбір мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді. Дегенмен елдің саяси өміріне араласуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатып алуға және тек азаматтарға арналған бағдарламаларды пайдалануға рұқсат бермейді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың екінші тоқсанында Грузияға 1,8 миллион шетелдік азамат барған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9 пайызға жоғары.

Соңғы жаңалықтар