Гүл дүкеніндегі жағдай: Бұзақы полицейдің жанындағы мемкірістер басқармасы басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Шымкентте гүл сатушыны ұрған бұзақының қасындағы екінші адам Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мемлекеттік қызметкердің құқық бұзушының қасында бірге жүргенін көруге болады.

«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес Д.Елқондыға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану мақсатында материалдар Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына жолданды. Нәтижесінде департамент басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Д.Елқондыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды» делінген Шымкент қаласы бойынша мемкірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, гүл дүкеніндегі видеоға Шымкент прокуратурасы түсінік берген еді.

Кейін Ішкі істер министрлігі Шымкенттегі гүл дүкенінде екі бөлек оқиға болғанын хабарлап, әр жайт бойынша ресми ақпараттандырды.

Сондай-ақ бұзақының қасында мемкірістер департаментінің қызметкері еріп жүргенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар