Гүл өсіру тиімді бизнеске айналуда - Жамбыл облысы

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында 50 гектардай алқапта өнеркәсіптік негізде гүл өсіру жөніндегі қуатты кешен құрылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап. Құны 7 миллион АҚШ доллары тұратын бұл жобамен негізгі қызметі ?фармацевтикалық бағытта болып келген жамбылдық «Жасұлан және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Жобаға компанияның өз қаражаты мен «АТФ Банктен» алған заемдық қаражат салынуда. Серіктестіктің директоры Жұмагүл Омарованың айтуынша, гүлдерге арнап қысқы және жазғы жылыжайлар, бұталар үшін питомниктер, шағын сәулет формаларын дайындайтын цех салынған. Оған қоса кеңсе, асхана, топырақ өңдейтін аргарларды қамтитын әкімшілік-тұрмыстық кешен тұрғызылған. Бүгінде компанияда 270 адам жұмыс істеуде, кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін қосымша 70 жұмыс орны ашылады.
Соңғы жаңалықтар
telegram