Гүлденген Астананы өз көзімен көруді армандамаған жан жоқ та шығар - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Астана - біздің сүйікті Отанымыздың бас қаласы ғана емес, ол әрқайсымыз үшін гүлдену мен Қазақстанның сапалы дамуының белгісі.
None
None

Гүлденген Астананы өз көзімен көруді армандамаған жан жоқ шығар, сірә. Бұл туралы Астана күніне арналған мерекелік шаралар барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары К.Жұмашев айтты.

Аймақ басшысының баспасөз орталығы хабарлағандай, шілденің 6-сі күні Ақтауда Астана күніне арналған салтанатты шеру өткен.

Шеруге қатысушылар «Астана» алаңына келді. Мұнда үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар