«Гүлдер мен адамдар» романын өнер мен әдебиеттің тоғысуы деуге болады - Асанәлі Әшімов

АЛМАТЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Дидар Амантайдың «Гүлдер мен адамдар» романы көпжанрлы дүние. КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов бүгін Алматыда жазушының «Қарқаралы басында» кітабының түрік, француз, моңғол тілдеріндегі нұсқаларының таныстырылымында осындай пікір білдірді.
None
None

«Бізде актерлардың өз трактовкасы болады. Кейбір ұлы актерлар сөзді емес, ойды ойнайды. Сөзді айтып тұрса да ойы екінші планда тұрады. Ол көрінеді, өзінше образ жасайды. Жалпы рөлді әркім жасайды, кейіпкер жасау қиын», - дейді А.Әшімов. Әйгілі өнер шеберінің айтуынша, театрда комедия деген жанр бар. Ол әуелі айтады, содан кейін ойлайды. Трагедияда әуелі ойлайды сосын оның қорытындысын айтады. Ал Д.Амантайдың «Гүлдер мен адамдар» романы көпжанрлы шығарма. Тілі, философиялық ойы бай. Театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімұлының сөзіне қарағанда: «Одан алған әсері гүлдердің түрлерінің көптігі мен жазушылардың тізімі болды. Бұл өнер мен әдебиеттің тоғысуы деуге болады. Сонысымен қызықтырды. "Мысалы Ақан серінің «мұғалақ екі дүниенің бірінде жоқ» сөзі бар. Соны түсінбей жүріп, кейін Қали Байжанов деген әртістен сұрадым. Ол аспанда да, жерде де болмайтын тек екеуінің ортасында тұратын дүние екен. Енді оны Дидардың кітабынан да кезіктірдім" ол.

Соңғы жаңалықтар