Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы 1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында туған. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтын (1991), Қазақ қой шаруашылығы ғылыми - зерттеу технологиялық институтында аспирантураны бітірген (1994).
Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, тамақ қауіпсіздігі бойынша PhD.
Еңбек жолын 1991 ж. Семей сүт және ет өнеркәсібі технологиялық институтында бастаған.
Қазақ қой шаруашылығы ғылыми - зерттеу технологиялық институтында түрлі қызметтерді атқарды.
В 1998-2000 жж. «Еңбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша бас технолог қызметін атқарды.
В 1996-2001 жж. Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығында мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру бойынша селекционер-зоотехник, ғылыми консультант қызметтерінде болды.
2001-2007 жж. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде аға оқытушы, мал шаруашылығы технологиясы факультетінде оқу бойынша деканның орынбасары қызметінде болды.
2007-2011 жж. «Crown Central Asia» ЖШС-де мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінде коммерциялық директор, директор қызметтерін атқарды.
2011-2012 жж. «КазАгроӨнім» АҚ Басқарушы директоры болып істеген.
2012 жылдан 2017 жылға дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.
«Құрмет» орденімен және «Еуразиялық экономикалық одақты құруға атсалысқаны үшін» 2 дәрежелі медалімен марапатталды.