Гүлмира Сатыбалдының ісі: сотта жәбірленушінің жүргізушісі сөз алды

Гүлмира Сатыбалдының ісі: сотта жәбірленушінің жүргізушісі сөз алды
Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысында жәбірленуші Абай Жүнісовке 12 жыл жүргізуші болған куәгер Ернар Мұратов жауап берді.

Басты куәгерлердің бірі Е.Мұратов Абай Жүнісовтің қарамағында 2007-2019 жылдар аралығында жұмыс істегенін айтты.

2019 жылдың 13 ақпанында А.Жүнісов пен Ғ.Сатыбалды арасында жанжал туындаған кезде ол Қызылорда қаласында іссапармен жүрген.

«Іссапарда жүргенімде Мейрам телефон соғып, 13 ақпанға қараған түні үйге Абай Жүнісовпен бірге Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаев келгенін айтты. Оны үйден шығармауға және үйге ешкімді кіргізбеу туралы бұйрық берген. Содан Абай Жүнісовке хабарластым, бірақ телефоны өшірулі екен. Мен 15 ақпанда Алматыға оралдым, содан кейін көлікті қайтарып, біраз заттарын тастап кету үшін Абай Жүнісовтің үйіне бардым. Содан спорттық форма киген жігіттерді де, жүргізуші Мәди Батыршаевты да көрдім. Үйге жолатпады. Енді маған Гүлмира Сатыбалды бұйырық беретінін жеткізді.Сонымен қатар, Гүлмиранын айтқанын бұлжытпай орындау керектігімді баса айтты. Сол күні үйге кіргізбеді», - дейді ол.

Ол болашақта оларды үйге Батыршаевтың рұқсатымен ғана кіргізетінін айтты.

Куәгердің сөзінше, 17 ақпан күні кешке Г.Сатыбалды оған телефон соғып, қоқан-лоқы көрсеткен. Астанаға «КазГерСтрой» ЖШС («Береке Астана Групп» ЖШС құрылтайшысы) кеңсесіне келуге бұйрық берген. 

Ернар Мұратов «Bereke Astana Group» ЖШС заңды 60 пайызы өзіне (30 пайызы А. Жүнісовке, 30 пайызы Г. Сатыбалдыға), тағы 40 пайызы басқа адамға тиесілі екенін атап өтті.

«2017 жылы А.Жүнісов осы серіктестіктің бір бөлігін менің атыма уақытша тіркеуімді өтінді, өйткені мен оның сенімді өкілі болдым. Содан келістім. Бұл шешімді кейін Гүлмира Сатыбалды да қолдады», - дейді Е.Мұратов.

Ол 18 ақпанда Астанаға ұшып келіп, «ҚазГерСтрой» кеңсесіне барғанын атап өтті.

«Офисте Гүлмира Сатыбалдыны көрдім. Ол дөрекілік танытып менің бастығым ақшаны ұрлағанын, сондықтан мен компанияның 60%-ын ол атаған адамға аударуым керек деді. Сонда мен Абай Жүнісов бұл туралы біле ме деп сұрадым, бірақ ол Абай қазір ешкім емес, бәрі оның қалауымен болатынын айтып, Абай жақында түрмеге түсетінін жеткізді. Ол: «Егер келіспесең, түрмеге түсесің», - деді. Біраз уақыттан кейін кеңсеге нотариустың өкілдері келді, мен сол жерде Мирхат Қасымбаевтың атына үлесті жазып бердім, оның орнына ештеңе алмадым», - деп қосты ол.

Осыған дейін Вaur Kazakhstan компаниясының бұрынғы басшысы сотта куәлік еттікен болатын. 

Сонымен қатар жәбірленуші, Абай Жүнісов оларды шындық детекторымен тергеу жүргізгенін жеткізген еді. 

Алдынғы сот отырысында кәсіпкер Абай Жүнісовтің ағасы Алтай Жүнісов сөйлеген болатын. 

Еске салайық, Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Онымен бірге оның көмекшісі әрі жүргізушісі Мәди Батыршаев та отыр.

Соңғы жаңалықтар