«Гүлнәр тур» ісі бойынша 240 жеке тұлға мен 30 заңды тұлға зардап шегушілер ретінде қарастырылып отыр - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Гүлнәр тур» ісі бойынша 240 жеке тұлғалар мен 30 заңды тұлға зардап шегушілер ретінде қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқармасы басшысының орынбасары Андрей Кучер мәлім етті.
«Гүлнәр тур» туристік фирмасы жайында жақсы білесіздер. Туризм саласында алаяқтықтың осындай түрі пайда болды. Қазіргі кезде ЖШС директоры халықаралық іздеуде жүр. Осы іс бойынша зардап шегуші ретінде 240 азамат пен 30 заңды тұлға өтіп жатыр, яғни өздерінің қызметкерлері үшін жолдама алған ЖШС-лар да бар»,-деді А. Кучер.
Еске сала кетейік, маусым айының соңында ҚР жүздеген азаматы «Гүлнәр тур» компаниясында туындаған проблемаға байланысты Түркия еліне демалуға уақтылы ұша алмай, уақтылы келе алмай әбден әбігерге түскен еді. Компанияның мұндай қызметінен келтірілген залал 30 миллион теңгеге бағаланды. Қазақстандықтарды елімізге қайтару үшін Көлік және коммуникация министрлігі арнайы рейстер ұйымдастырды.
2014 жылғы 22 тамызда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты аталған талап арыз жөніндегі азаматтық істі ашық сотта қарап, «Гүлнар тур» ТК» ЖШС-ін лицензиядан айыру туралы шешім шығарды.