Гүлназ Бөрібаева бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Бангкок қаласында (Таиланд) бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды. Алғашқы болып Гүлназ Бөрібаева ел қоржынына алтын жүлдені салды. 

Гүлназ Бөрібаева бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды
Фото: ҰОК

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Гүлназ үздік атанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Шешуші жекпе-жекте отандасымыщ өзбекстандық Робияхон Бахтиеровадан басым түсті. 

Айта кетейік, финалдық кезеңде тағы үш боксшымыз Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) бақ сынайды.

Еске салсақ, бұған дейін Азия чемпионатында бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар сайысқа түсетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар