Гуманоид робот сальто жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boston Dynamics инженерлері жасаған ақылды Atlas роботын платформадан платформаға, биіктікке және 180 градусқа айналып секіруге, сальто айналуға үйретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гуманоид робот сальто жасады

Бұған дейін «Атлас» құрастырушылары роботтың бір аяқпен тепе-теңдік сақтап, еш сақтандырусыз баспалдақпен көтеріліп, бөлме ішін жинағанын көрсеткен болатын. Осы жолы робот сальто секіріп, екі аяғын басып тік түсті.