09:34, 25 Қазан 2021 | GMT +6
Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады
АШҒАБАТ. ҚазАқпарат – Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Ашғабаттағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады.
Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», - делінген жазбада.