Ғұсман Қырғызбаев Астанадағы дзюдодан өтіп жатқан турнирде күміс жүлдені қанағат тұтты

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) күміс жүлдегер атанды.

 дзюдо
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Финалда ол ресейлік Рамазан Абдулаевпен шеберлік байқасты. Белдесу барысында ол қарсыласына 0:10 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ғұсман Қырғызбаев 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлде алған ол араға үзіліс салып, татами төріне қайта оралған еді. Астанадағы турнирде ол жақсы қырын танытты. Нәтижесінде жартылай финалға дейін еш сүрінбестен жетті.

Жартылай финалдағы белдесуінде ол қытайлық Цзыян Сені 10:0 есебімен жеңді.

Ғұсман Қырғызбаев 1992 жылы дүниеге келген. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ 2021 жылдарда әлем чемпионатында күміс, 2019, 2022 жылдарда Азия чемпионатында екі мәрте үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ ел құрамасынан бүгін Талғат Орынбасар (60 келі) күміс алса, Аман Бақытжан және Мағжан Шамшадин қола жүлдеге қол созды.

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.

Осыған дейін Талғат Орынбасар осы жарыста күміс медаль алғаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар