Густав Климтың картинасы Лондондағы аукционда 59 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суретші Густав Климтың «Гүл бағы» полотносы Лондондағы Sotheby's аукционында  59 млн долларға (48 млн фунт стерлинг) сатылды.
None
None

Соңғы рет бұл кенепке салынған сурет 1994 жылы бәссаудаға қойылып, 5,8 млн долларға сатылған болатын.

Әдетте, Климтың картинасы жұртшылықты таңдай қағарлықтай жоғары бағасымен қызықтырады. Айта кетер болсақ, өткен жылы американдық тележүргізуші Опра Уинфри өзі 2006 жылы 88 млн долларға алған картинаны қытайлыққа 150 миллионға сатып жіберген.

Климт 1862 жылы туып 1918 жылы өмірден өтті. Ол бай әйелдердің портреттерін, сондай-ақ геометриялық пішіндер және гүл салумен атағы шыққан австриялық символист-суретші.

Соңғы жаңалықтар