Гватемалада жер сілкініп, 5 адам құрбан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемалада болған жер сілкінісінің салдарынан бес адам қаза тапты. 

 Гватемалада жер сілкініп, 5 адам құрбан болды

Магнитудасы 6,6 болатын қатты жер сілкінісі Гватемалада болды. Кем дегенде бес адам мерт болып, жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды korrespondent.net Prensa Libre-ге сілтеме жасап. 

Қаза тапқандардың арасында төрт әйел мен ер кісі бар.

40-тан астам ғимарат зақымданды.