Гвинея-Бисау құрамасының қорғаушысы «Қайсарда» сынақтан өтеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық «Қайсар» командасының Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Гвинея-Бисау құрамасының қорғаушысы сынаққа келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Проспер Менди 1996 жылдың 7 маусымында Франция астанасы Париж қаласында дүниеге келген. Сол елдің және Бельгия, Испания клубтарында футболға қадам басты. 2019 жылы кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын Испанияның «Бадахос» клубында бастап, одан кейін франциялық «Монтфермейл», норвегиялық «Стремсгодсет», бельгиялық «Виртон» және болгариялық «Спартак Варна» клубтарында доп тепті.
Сондай-ақ, қызылордалық команда сынағына Буркино-Фасо өкілі Бен Азиз Загре, молдовалық қақпашы Степан Сикач, украиналық Виталий Приндета, беларусьтік Дмитрий Бородин, қазақстандық Қуаныш Қалмұратов пен Әділет Кеңесбек келді.
Еске салсақ, бүгін, 11 қаңтарда «Қайсар» Әзербайжанның «Шамахы» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Одан кейін 6 қаңтарда Косовоның «Балкани», 18 қаңтар Әзербайжанның «Кяпаз», 23 қаңтарда Сербияның «Раднички» клубтарымен шеберлік байқасады. Ал, 25 қаңтарда Болгарияның «Локомотив» (София) командасымен кездессе, 26 қаңтарда сербиялық «Вождавацпен» ойнайды.