Гвинея-Бисауда жаңа Премьер-министр тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Гвинея-Бисауда жаңа Премьер-министр тағайындалды, деп хабарлайды Синьхуа.

п
Фото: CC BY-SA 4.0 / Joehawkins

Гвинея-Бисау елінің уақытша президенті Орта Н’Там президенттік жарлыққа қол қойып, Илидио Виейра Тені Премьер-министр әрі Қаржы министрі қызметіне тағайындады. Тағайындау шешімі бірден күшіне енді.

Илидио Виейра Те 1983 жылы елдің батысындағы Биомбо өңірінде дүниеге келген. Ол Гвинея-Бисаудағы үшінші ірі саяси күш саналатын Әлеуметтік жаңғыру партиясының мүшесі. 2022 жылдың шілдесінен бері осы мемлекеттегі соңғы саяси өзгерістерге дейін Қаржы министрі қызметін атқарған.

Биылғы президенттік сайлау кезінде Илидио Виейра Те No Kumpu Guine («Гвинея-Бисау үшін бірлік») коалициясының ұлттық сайлау кампаниясын басқарды. Бұл альянс бірқатар партиялардың басын қосқан және өз кандидаты ретінде биліктен тайдырылған президент Умару Сисоку Эмбалоны ұсынған.

Еске салайық, Батыс Африкадағы Гвинея-Бисау елінің әскері сәрсенбі күні «елді толық бақылауға алғанын» және «сайлау процесін тоқтатқанын» жариялаған еді. Кейіннен әскери басшылық уақытша президентті тағайындады.

Соңғы жаңалықтар