Ғылым комитеті Қазақстандағы 1,5 мың жоба туралы ақпарат таратады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті өз сайтын жаңартты. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министр Асланбек Әмрин Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Біз сайтта жарияланатын контенттің тұжырымдамасын өзгерту туралы шешім қабылдадық»,-деп жазды ол.

Вице-министрдің айтуынша, комитеттің сайтында 18 ведомстволық ұйым жүзеге асыратын жобалардың қаржысы туралы ақпарат жарияланады. Және де осы жобалардың бюджеті мен алдын ала нәтижесі қоса таратылмақ. Жуық арада қаржыландыруға ие болған 1500 жоба туралы толық ақпарат жарияланады.

Сонымен қатар, комитет сайтты бірнеше бөлімге бөліп, комитет дайындайтын заң жобалары мен тұжырымдамаларды талқылайды.

«Ешкімнің де пікірі қараусыз қалмайтынына уәде беремін. Жұмыс барысында өте қажетті пікірлерді пайдаланамыз»,-деп жазған вице-министр.

Соңғы жаңалықтар