20:23, 13 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Ғылым қорынан 259 млн теңге грант алған компания ештеңе тындырмаған
Елордалық прокуратура мемлекет грант түрінде бөлген ақшаны кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында «Flow System» ЖШС-нa ғылыми-техникалык қызмет нәтижесін коммерцияландыруға деп 259 млн теңге сомасында грант берген.
Алайда грант алушы Ғылым коры алдындағы міндеттемесін орындамай, жобаны іске асырмаған.
Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді.
Нәтижесінде сот жауапкерден мемлекет пайдасына 259 млн теңге өндірді.