Ғылым мен білімді екінші орынға қойған мемлекет бірінші орынға көтеріле алмайды – Кәрімбек Құрмәналиев

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына қатысқан Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрмәналиев ғылым мен білімді екінші орынға қойған мемлекет ешқашанда ешбір салада бірінші орынға көтеріле алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: aikyn.kz

«Ғылым мен білімді екінші орынға қойған мемлекет ешқашанда ешбір салада бірінші орынға көтеріле алмайды. Осы қағиданы қаперге алған Президентіміз біздің ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік статус берді және өзінің қол астына алды. Ғылымға деген мемлекеттің көзқарасы дұрыс болған кезде экономика дамиды. Экономиканың барлығы ғылымға негізделуі керек. Ал бізге бұл үлкен жауапкершілік» - деді ол.

Сондай-ақ Кәрімбек Құрманәлиев ғылым саласына бөлініп жатқан қаражаттардың аздығын атап өтіп, көбейту керектігін ұсынды.

«Америка, Швеция, Израиль мемлекеттерінде ішкі жалпы өнімнің 3-4 пайызы ғылымға жұмсалса, біздегі көрсеткіш 0,13 пайыз ғана. БҰҰ жанында ғылым академиялық кеңесі бар. Сонда, ғылым дамуы үшін жалпы ішкі өнімнің ғылымға деген шығыны 1,5 пайыз болуы керек деген қағида бар. Сонымен бірге аймақтағы университеттерді жандандырмай, ғылым мен экономика өрістемейді. Бұл ретте ұлттық университет ашылса игі. Ол біріншіден тиісті коэфицент береді. Материалдық-техникалық жарақтандырылу мен профессорлық оқытушылық мықты база қалыптастырады» - деді ол.


Соңғы жаңалықтар