Ғылым мен инновация қатар жүретін екі негізгі басымдық - Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ғылым мен инновация қатар жүретін екі негізгі басымдық.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіз жолдан кейінгі болашаққа көзқарас» инновациялық форумы барысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Елбасы Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында инновацияларды дамытуға екпін қойғанына тоқталған К. Мәсімов, «өткен аптада Үкіметке өте маңызды мақсат-міндет жүктелді. Қысқа мерзімде, яғни 1 ақпанға дейін арнайы бағдарламаны даярлау тапсырылды. Атап айтқанда ғылым мен инновация қатар жүретін екі басымдық»,-деді.

«Президент тапсырмасын 1 ақпанға дейін орындау үшін 2012 жылдағы бірінші Үкімет отырысын біз осы мәселеге арнаймыз»,-деді Прмьер-Министр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырған еді. Жеке бизнестен ғылымға инвестиция тартуды қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Дамыған елдерде ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың барлық көлемінің жартысынан көбі жеке сектордың еншісінде», - деп атап өтті.

Ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау өмірлік қажетті тиімді жүйе екенін баса айтқан Президент: «Үкіметке «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорымен бірлесіп, 2012 жылдың 1 ақпанына дейін «Бизнес және ғылым - 2020» Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, онда біз бизнес-қоғамдастықтың ғылыми зерттеулерге қатысуын анықтаймыз», - деді.

Соңғы жаңалықтар