20:42, 18 Тамыз 2016 | GMT +5
Гюзель Манюрова Рио-2016 ойындарын жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы және Рио-2016 ойындарындағы олимпиадалық құраманың басты үміті Гюзель Манюрова алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

75 келі салмаққа дейінгі 1/8 финалда Гюзель венгриялық Жанетт Неметпен кездесті.
Қарсыласын айқын басымдықпен жеңген қазақстандық спортшы Олимпиаданың келесі кезеңіне мерзімінен бұрын өтті. Жекпе-жек 12:2 есебімен аяқталды.
Гюзель Манюрова - Афинадағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), Лондондағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2012).