«Хабар» телеарнасында халықтың қаржылық сауатын ашуға бағытталған жаңа ток-шоу көрсетіле бастайды

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 14-інен бастап «Хабар» телеарнасында «Сіздің кезегіңіз» атты алғашқы әлеуметтік-қаржы ток-шоуы көрсетіле бастайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бағдарлама Қазақстан халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі тарапының ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.Телевизиялық жобаның мақсаты ? адамдарға өз қаражатын қайда және қалай дұрыс жұмсау керектігі туралы ой салу, жеке қаражатты арттыру мен сақтаудың барлық мүмкіндіктерін көрсету, отбасылық бюджетті жобалауды үйрету. Бағдарлама барысында қаржы қызметінде тұтынушылар кезіктіретін түрлі түйткілдер мен проблемаларды шешу тәсілдері қарастырылмақ. Ток-шоуға қаржы нарығының тәжірибелі сарапшылары мен талдаушылары, заңгерлер мен психологтар, сондай-ақ танымал әртістер қатыспақ. Ток-шоу аптасына бір рет, бейсенбі күні сағат 22.00-де қазақ тіліндегі субтитрімен орыс тілінде шығады.«Сіздің кезегіңіз» ток-шоуының өз көрерменін табатындығына, оның қаржы құралдары туралы жаңа білім беретіндігіне, осылайша, қарапайым көрерменге өз бюджетін дұрыс жоспарлап немесе кез-келген қиындық тудырған қаржы мәселесінен шығу жолдарын үйрететіндігіне сенімдімін», - дейді агенттік төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапиянов. Бағдарламаның алғашқы көрсетілімінде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру, дағдарыс кезінде банктерге сенім білдіруге бола ма, зейнетақы жинақтарының жағдайы қандай, валюталық реттеудің жаңа талаптары не береді, деген мәселелер талқыланбақ.
Соңғы жаңалықтар
telegram