Хаби Алонсо «Реал Мадридтің» бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM – «Реал Мадридтің» бас бапкері Хаби Алонсо сегіз ай жұмыс істегеннен кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды BBC.

Хаби Алонсо
Фото: championat.ru

Клуб 44 жастағы Алонсоның орнын 42 жастағы Альваро Арбелоа басатынын жариялады. Ол бір кездері Алонсомен Испания құрамасында және «Ливерпульде» бірге ойнаған.

Жексенбіде Реал өзінің басты қарсыласы «Барселонадан» Испания суперкубогінің финалында жеңіліп қалды. Ал чемпионат кестесінде «Барсадан» төрт ұпайға артта қалып, екінші орында тұр.

Хаби Алонсо ойыншы ретінде «Реал Мадридте» бес маусым өткізді.

Жаттықтырушы ретінде ол 2024 жылы Леверкузеннен Германия чемпиондары «Байерді» шығарды. Ал бір жылдан кейін өткен жазда атақты Карло Анчелоттидің орнына «Реалдың» бас жаттықтырушысы болып тағайындалды.

Альваро Арбелоа өткен көктемнен бері «Реал Мадридтің» қосалқы құрамдарын жаттықтырып келеді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматыда UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Реал Мадрид» (Испания) командасын қабылдады.

Матч 5:0 есебімен испаниялық команда пайдасына аяқталғанымен, бұл есте қаларлық оқиға болды.

Соңғы жаңалықтар