Хакан Фидан: Ресей мен Украина арасындағы байланысты реттеу жолын таңдау тараптардың еркінде

АСТАНА.KAZINFORM - Қазір Ыстанбұлда Ресей мен Украина делегациялары арасында жабық келіссөздер өтіп жатыр. Тараптар қақтығысты шешу жолдарын өздері шешеді, деп мәлімдеді Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан. Бұл туралы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлайды.

Хакан Фидан
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Негізгі отырыс басталар алдында Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский АҚШ өкілімен бөлек келіссөз жүргізді. Шетелдік басылымдардың жазуынша, Мединский АҚШ Мемлекеттік департаментінің саясатты жоспарлау жөніндегі директоры Майкл Антонмен сөйлескен. Кездесу нәтижесі, сондай-ақ оның күн тәртібі жарияланбады.

Жиынның ашылу сөзін Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жасады. Ол диалогқа қатысушылар шиеленісті шешу жолын өз бетінше анықтауы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін Түркия келіссөздерге делдал ретінде қатысатыны хабарланған. Алайда түрік өкілі кіріспе сөзден кейін отырыстан шығып кетті. Бұл тараптардың келіссөздерді неғұрлым тар форматта – белсенді медиациясыз жүргізуге келісімін көрсетеді.

Фиданның сөзінен кейін келіссөздер баспасөз бен сырттан бақылаушылардың қатысуынсыз жабық есік жағдайында жалғасты. Кездесу форматы құпиялылықты қамтамасыз етеді және тараптардың өткір мәселелерді тікелей талқылау мүмкіндігін береді.

Бақылаушылар бұл раундты соңғы жылдардағы маңызды раунд деп бағалады. Алайда, келіссөз нәтижесі белгісіз – делегациялардың ымыраға келуге дайындығының дәрежесі де солай.

Ұзақ үзілістен кейін Ресей мен Украина арасындағы тікелей диалогтың басталуының өзі ілгері қадам екені аталып өткен. Алайда, келіссөздердің нәтижесін болжау әлі мүмкін емес.

Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздер басталды, деп хабарлайды түрік телеарнасы.

Бұған дейін Путин Украинамен келіссөз жүргізетін Ресей делегациясының құрамын бекіткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар