Хакер Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтына шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакер Халықаралық ауыр атлетика федерациясының iwf.net сайтына шабуыл жасады.
None
None

«Master of pain» нигімен Инстаграмға тіркелген хакер Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сайтының басты тұсын зілтемір көтерген сурет ауыр атлеттің суретіне алмастырды. Онда IWF өкілдерін меңзейтін адамдар спортшының зілтемірін төмен тартып тұр.

IWF маусым айында алдыңғы екі Олимпиада кезіндегі спортшылардың сынамаларында 3 немесе одан да көп жағдайда допинг табылған елдің жарыстарға қатысуы бір жылға тоқтатылатыны жөнінде резолюция қабылдаған болатын.

Еске сала кетсек, IWF басшысы Тамаш Аян Рио Олимпиадасы аяқталған соң Ресей, Қазақстан мен Беларусь елдерінің ауыр атлетика федерацияларын бір жылға шеттететінін мәлімдеген.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы - ауыр атлетика бойынша жарыстар өткізумен айналысатын ұйым.

2008 жылдың соңында әлемдегі 188 елдің ұлттық ауыр атлетика федерациялары осы ұйымның мүшесі. Ұйымның штаб пәтері Будапешт қаласында орналасқан.
Арада жарты сағат уақыт өткен соң сайттағы аталмыш сурет алынып тасталды.

Соңғы жаңалықтар