«Халық бухгалтері» акциясы басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 1 қаңтарында салықпен тікелей жұмыс істейтін мамандарға арналған «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Салықпен тікелей жұмыс істейтін мамандарға арналған «Халық бухгалтері» акциясын Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге көмектесу үшін іске қосып отыр.
Акция аясында ресми ресурстар арқылы онлайн-консультациялар беру көзделген. Сол үшін арнайы Telegram-арна құрылады. Сондай-ақ, оффлайн және онлайн форматта вебинарлар өткізілмек.
Акцияға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылады. Акцияны бірінші жартыжылдық бойында өтеді.
— Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге көмектесу үшін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Халық бухгалтері» акциясын іске қосады. Биылғы 19 желтоқсанда бухгалтерлер қауымдастығымен кездесуде біздің бастамамыз қолдау тапты. Акцияға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының мамандары тартылады. Акцияны бірінші жартыжылдық бойында өтеді, — деген еді Қаржы министрі Мәди Такиев.
Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Құжат салық салу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Сонымен қатар салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, бизнес пен жеке тұлғаларға арналған цифрлық сервистерді енгізеді.