Халық қаһармандары парадты тамашалап отыр
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Жеңістің 80 жылдығына орай өтіп жатқан әскери парадта халық қаһармандары, соғыс батырларының ұрпақтары мен қазақстандық ғарышкерлер құрметті қонақ болды.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 105 соғыс ардагері бар. Оның ішінде Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Қосшы қаласынан соғыс ардагерлері парадқа арнайы келіп қатысып отыр.
Одан бөлек, халық қаһармандары Мұхтар Алтынбаев, Сәт Тоқпақбаев, Бақытжан Ертаев, Қайрат Үмбетов, Азамат Жұмаділов парадтың құрметті қонағы болды.
Сондай-ақ, соғыс батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова, Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова арнайы келді.
Сонымен қатар қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов құрметті қонақ болып отыр.
Астанада әскери парад өтіп жатыр. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Оған елордадағы парадқа ел өңірлерінен соғыс ардагерлері келді.