Халықаралық даму банкінен қарыз не себепті тартылатыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы уақытта Парламент Мәжілісі «Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылайды.

Международный банк
Фото: openigo.com

- Қарыз туралы келісім 2024 жылғы 12 желтоқсанда жасалған. Келісімнің мақсаты – ауылды елді мекендер тұрғындарының қызмет көрсетілмейтін және қызмет жеткіліксіз көрсетілетін аудандарында жоғары сапалы әрі тұрақты кең жолақты байланыс инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы орайда Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Сенат Қазақстан Азия Даму Банкінен, Азия Инфрақұрылымдық Банкінен, сондай-ақ Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен жалпы сомасы 190 млрд йенге жуық қаражат тартуға арналған үш құжатты мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар