Халықаралық есірткі арнасының жолы кесілді - ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM - Ұлттық қауіпсіздік комитеті көршілес мемлекеттердің арнайы қызметтерімен бірлесіп, халықаралық есірткі трафигі арнасының жолын кесті.

есірткі
Фото: ҰҚК

250 литр «метамфетамин» есірткі заты түріндегі заңсыз жүк түрлі брендтердің сусындарында жасырылып, Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Ресейге бағытталған.

есірткі
Фото: ҰҚК

Өзара әрекеттестік нәтижесінде Мәскеу облысында аталған тауарды беру кезінде трансұлттық есірткі тобының 2 мүшесі ұсталды.

есірткі
Фото: ҰҚК

Сондай-ақ, ұсталған адамдардан сұйықтықтан есірткі алуға арналған жабдық тәркіленді.

есірткі алу құралы
Фото: ҰҚК

Ағымдағы жылдың басынан бері ҰҚК шетелдік әріптестермен бірлесіп 19 халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, заңсыз айналымнан 400 кг астам есірткі заттары мен 4 тонна көкнәр сабаны тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар