Халықаралық Олимпиада күні: елордада Astana Half Marathon 2025 жарысы өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Қазақстандағы ең ауқымды жеңіл атлетикалық жарыстардың бірі - Astana Half Marathon 2025 өтті. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Халықаралық Олимпиада күні: елордада Astana Half Marathon 2025 жарысы өтті
Фото: Астана әкімдігі

Аталған жарыс Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылып, әлемнің 32 елінен келген мыңдаған жүгіру спортының жанкүйерлерін біріктірді. 

Бағдарламаға 10 шақырымдық жүгіру, жартылай марафон, экидэн (эстафеталық жарыс), сондай-ақ 10 шақырымдық скандинавиялық жүріс енді.

Айта кетейік, Astana Half Marathon жарысының тас жолы World Athletics ұйымының стандарттарына сай сертификатталған, ал жарыстың өзі Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне кіреді. 

марафон
Фото: Астана әкімдігі

Төменде жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұсынылған:

Жартылай марафон

Ерлер:

1. Виталий Шафар (Украина)

2. Нодирбек Муталипов (Өзбекстан)

3. Бекзод Бойматов (Өзбекстан)

Әйелдер:

1. Дана Айдосова (Қазақстан)

2. Екатерина Тунгускова (Өзбекстан)

3. Елена Толстых (Ресей) 

10 шақырымдық жүгіру

Ерлер:

1. Рахымжан Келманов (Қазақстан)

2. Әлімжан Балтабек (Қазақстан)

3. Дильмұрод Хужамов (Өзбекстан)

Әйелдер:

1. Виктория Сергеева (Қазақстан)

2. Эльвира Тахауова (Қазақстан)

3. Диана Ержанова (Қазақстан) 

Экидэн (эстафета)

1. Mazur Triathlon Team

2. Run Time and Qulpynai Bakery and Miniso

3. Copa Team

марафон
Фото: Астана әкімдігі

Скандинавиялық жүріс (10 шақырым)

Ерлер:

1. Арман Исаханов (Қазақстан)

2. Нариман Серікұлы (Қазақстан)

3. Рустам Каримов (Қазақстан)

Әйелдер:

1. Анастасия Федоренко (Қазақстан)

2. Анжелика Федоренко (Қазақстан)

3. Светлана Семенова (Қазақстан) 

марафон
Фото: Астана әкімдігі

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1894 жылы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің құрылғанына арналған және олимпиадалық құндылықтарды, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар