Халықаралық турнирге грек-рим күресінен баратын қазақстандық балуандар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Түркияда өтетін халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турниріне қатысатын грек-рим күресінен қазақстандық балуандар белгілі болды.

Халықаралық турнирге грек-рим күресінен баратын қазақстандық балуандар анықталды
Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Дәстүрлі турнир 7-10 наурыз аралығында өткізіледі. Оған қатысатын балуандар қатарында Мейрамбек Айнағұлов, Алмат Кебісбаев, Тамерлан Шадукаев, Ибрагим Магомедов сияқты спортшылар бар.

Халықаралық турнирге қатысатын балуандар тізімі:

60 келі - Ғалым Кабдүнасыров, Мейрамбек Айнағүлов, Дастан Зарлыханов.

67 келі - Алмат Кебіспаев, Дінмұхамед Қошкар, Алматбек Аманбек.

77 келі - Тамерлан Шадукаев, Ибрагим Магомедов, Абдуазим Карабаев.

87 келі - Диас Қален, Азамат Күстабаев.

97 келі - Ислам Умаев, Ерұлан Искаков, Мациев Юсуф.

130 келі - Мансур Шадукаев.

Сондай-ақ Астанада 11-13 наурызда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді.