Халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу керек — Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірқатар құзырлы органға тапсырма берді.

Астана, боғ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Туризм және спорт министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір елді мекен бойынша барлық бұқаралық спорттық іс-шараның бірыңғай күнтізбесін әзірлеуге тиіс. Сондай-ақ жалпыға бірдей пайдалануға арналған негізгі экотуризм объектілерінің картасын жасап, онда орналасқан жері, туристік объектілер және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілуі керек, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ премьер-министр Мәдениет және ақпарат министрлігіне экологиялық және рухани мәдениетті тәрбиелеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. 

— Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде халық арасында экологиялық және рухани мәдениетті тәрбиелеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлесін. Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша экологиялық мәдениетті дамытудың «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын өзектендіру қажет, — дейді ол.

Бұған дейін Премьер-министр қоқыс тастайтын адамдарға жазаны қатаңдатуды тапсырды. 

Өз кезегінде Экология министрі қазақстандықтар қандай экологиялық проблемаларға жиі шағымданатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар