Халқымыздың бірлігін сақтаңыздар, аға буынның еңбегін бағалаңыздар - Елбасының Қазақстан жастарына үндеуінен

«Жастар - бұл біздің алтын қорымыз. Жас қазақстандықтардың партияның, жалпы отанымыздың бағдарын қолдауы және 2050 жылға дейін арналған бағдарламаны жүзеге асыруға кеңінен қатысуы тарихи, моральдық, тұрақтандырушы зор мәнге ие», - деп атап өткен Елбасы партия съезі мінберінен барша қазақстандық жастарға тағы бір мәрте өз үндеуін арнады.
«Біздің елімізде жасалғанның барлығы да ең алдымен сіздерге жасалды және мақсат-мұратымыз, 2050 бағдарламамыз да сіздер үшін», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте Мемлекет басшысы қазіргі уақытта мектеп, не жоғары оқу орнын бітірген қазіргі 20 жастағы азамат 2040-2050 жылдары елімізді басқаратындықтарын атап өтті.
«Қазақстандықтар, сіздер үшін барлық есікті, жолды аштық. Біздің халқымыздың бірлігін сақтаңыздар. Қазақстанда жасап жатқан ата-аналарыңыздың, аға буынның еңбегін бағалаңыздар», - деді Н.Назарбаев.