Халық банкі алғашқы үш айдың қаржылық қорытындыларын жариялады

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Халық банкі» АҚ мен «Halyk Group» қаржылық тобына кіретін оның еншілес ұйымдары алғашқы үш айдың қаржылық нәтижелерін жариялады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы өткен баспасөз мәслихатына қатысқан банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, өткен үш айда банк барлық көрсеткіштер бойынша өсім көрсеткен. Мәселен таза табыс 179, 6 пайызға немесе 11, 4 миллиард теңгеге артқан. Бұл көрсеткішке банк құнсыздану резервінің 52,8 пайызға қысқаруы есебінен қол жеткізген. Бұл Халық банктің қазақстандық банктер арасында таза пайда жөнінен бірінші орынға шыққанын көрсетеді. Активтер 4, 7 пайызға немесе 2,1 миллиард теңгеге өскен. Бұған өтімді активтердің 20,9 пайызға, сақтандыру активтерінің 84,5 пайызға, несие ұйымдарындағы қаржының 5,7 пайызға өсуі есебінен мүмкін болған. Тұтынушылардың қарыздарының көлемі 0,8 пайызға азайған. «Алайда қарыздар көлемі ай сайын артып келе жатқанын көрсетеді. 1-ші тоқсанда жеке тұлғаларға 10 миллиард теңгеден асатын қарыз берілді», дейді банктің басқарма төрайымы. Оның айтуынша, тұтынушылардың салымдары да 8,8 пайызға өскен. Бұлардың ішінде жеке тұлғалардың салымдары 2,0 пайызға, заңды тұлғалардың салымдары 11,6 пайызға өскен. Жалпы алғанда, банк капиталы 4,7 пайызға немесе 294,2 миллиард теңгеге артқан. «Бұл тоқсандағы табысымыз алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын. Сондықтан алдағы тоқсанда алдымызға ерекше мақсаттар қоймаймыз. Басты мақсат тұтынушыларға қызмет сапасын жақсарту», дейді Үміт Шаяхметова.

Соңғы жаңалықтар