«Халық банкі» бюджетке қаражатты қайтару жөнінде Үкіметпен келіссөздерін бастады - К. Мәсімов

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Халық банкі» бюджетке қаражатты қайтару жөнінде Үкіметпен келіссөздерін бастады.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті палатарының бірлескен отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«2009 жылдың басында еліміздегі қаржылық қауіпсіздікке үлкен қатер төнген болатын. Біз кешенді шаралар қабылдай отырып, ондай қатерлердің алдын алдық. Бүгінгі күні қаржылық сектордағы жағдайды толық тұрақты деп сеніммен айтуға болады. Яғни, бұған дейін болған қатерлер сейілді, ол жоқ», - деген Үкімет басшысы бұл ретте еліміздегі банктік-қаржылық секторға қатысты көрсеткіштерге тоқталып өтті.

Сонымен бірге, К. Мәсімов қаржылық дағдарыс қаупі кезеңінде үш жүйеқұрушы банкке мемлекеттің бақылау пакеті енгізілгенін айтып өтті. Бұлар - Альянс банк, БТА банк және оның еншілес банкі - Темір банк.

«Жалпы алғанда Альянс банктің қарызы атқарылған қайта құрылымдау шарасынан кейін 4 млрд.-тан 1 млрд.-қа дейін төмендеді, ал БТА банктің қарызы 10-нан 4 млрд. долларға дейін азайса, Темірбанкте шамамен 1 млрд-тан 100 млн. доллар шамасына дейін кеміді. Осылайша, қайта құрылымдау нәтижесінде сыртқы кредиторлардың 10 млрд. долларға жуық қарыздары өтелді. Аталған банктер қайта құрылымдау нәтижесінде тұрақтылыққа өтті. Ал «Казкоммерцбанк» пен «Халық банкіне» біз тек жағдайды бақылауда ұстау үшін енген болатынбыз. Бүгінгі күні бұл банктер өздерінің ресурстарын қайтарып беру туралы ұсыныс жасауына байланысты келіссөздер басталды. Атап айтқанда, «Халық банкі» қаражатты бюджетке қайтаруға әзір, өйткені ондағы жағдай жақсарды», деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі қаржылық жағдай толық тұрақты, ал банк жүйесі қиыншылықты еңсерді.

Соңғы жаңалықтар