Халық банкі Қазақстаннан Қытайға ақша аударудың жаңа тарифтерін енгізді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Халық банкі өзінің бизнес-серіктесі - Western Union (NYSE: WU) компаниясымен бірлесіп Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына ақша жөнелтудің жаңа тарифтерін енгізді,
None
None

деп хабарлайды аталмыш қаржы құрылымының баспасөз қызметі.

Банк клиенттеріне АҚШ долларымен болсын, теңгемен болсын жүргізілетін ақша аударымдары үшін төмендетілген тарифтік кесте ұсынылып отыр. Атап айтқанда, «Қазақстан - Қытай» бағытымен 2 000 АҚШ долларынан немесе 300 000 теңгеден асатын сомаға ақша аударғанда, мұндай аударым үшін тиісінше 50 АҚШ доллары немесе 7 500 теңге  мөлшерінде комиссия ұсталады.

  «Western Union компаниясымен серіктестігіміз бірнеше жылдан бері жалғасып келеді, - деп атап өтті Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Марат Әлменов. - Айта кету керек, біздің бизнестік қарым-қатынасымыз өзара үйлесімді іскерлік негізде қалыптасқан, яғни Қазақстандағы ірі қаржылық институттың барынша мол мүмкіндігі мен Western Union компаниясының бірегей өнімдеріне негізделген».

   Халық банкінің Қазақстан бойынша өңірлік филиалдарында Western Union-ның 185 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Жалпы алғанда, елімізде бұл компанияның 1 600 осындай бөлімшесі бар, ал Қытайдағы бөлімшелерінің саны 33 000-ға жетеді.

   Ыңғайлы да сенімді әрі барынша жылдам жүргізілетін, банктік шот ашпастан және белгілі бір қызмет көрсету пунктіне тіркелімсіз іске асырылатын Western Union аударымдары қолайлығы мен жедел іске асырылатындығының және дүние жүзі бойынша кеңінен таралуының арқасында клиенттер көңілінен шығатын қызмет түріне айналған. Бүгінгі күні әлемде Western Union компаниясының 495 000 қызмет көрсету пункті бар.

Соңғы жаңалықтар