Халық банкі Қазақстанның әр аумағына 1,5 мың көшет отырғызады

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Халық банкі Қазақстанның әр аумағында 1,5 мың жасыл желек отырғызады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Аталған шара бүгін Алматыда басталып, банк қызметкерлерінен құралған десант «Жанұя» мамандандырылған кешені» мемлекеттік мекемесінің ауласына 40 түпке жуық түрлі сұрыпты ағаштар мен бұталар отырғызды. Банк өкілдерінің айтуынша, ағымдағы айдың ішінде Халық Банкінің барлық облыстық филиалдарында 1000-нан аса банк қызметкері еліміздегі 22 ірі қаланы көркейту-көгалдандыру жұмысына қатысатын болады. Жалпы алғанда, экологиялық іс-шараға банкте 2,5 млн теңге жұмсау көзделіпті. Бұл қаржыны банк басшылығы мерекелік қағаздық өнімдерін сатып алудан бас тартып, үнемдеу нәтижесінде тауып отыр. «Көктем кезінде тек көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық істерді жүзеге асыруды да қолға алдық», - дейді банк қызметкерлері. Оның бастамасы ретінде бүгін банк өкілдері бұнымен қатар қимыл-қозғалыс-тірек жүйесі бұзылған балаларға арналған №2 мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін арнайы қаржы жинап, балалардың қолөнер шығармашылығымен айналысуына қажетті материалдар мен құрал-жабдық сатып әперді. Жас өспірімдердің қолөнерлік шығармашылығы үшін алынған материалдар мен жабдықтарды №2 арнайы мектеп-интернат директоры Бақыткүл Ермековаға банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова табыс етті.

Банкирлердің жинастырған қаржысына балалар қолөнерінде қолданылатын інжу-маржан (бисер), шыны, киізден жасалған материал, бисермен жұмыс істеуге қажет металл сым, «мулине» жібек жібі, тігін жіптерінің түрлері, тоқыма баулар мен барқыт, дайын жұмыстарды орналастыру үшін арнайы көмкергіш рамалар, балалардың ағаштан кәсіп жасауы үшін токарлық станок сияқты бұйымдар сатып алып берді. Бұнымен қатар мектеп-интернат ұжымының өтініші бойынша Банктен интернат үйінің шатырын жөндеу жұмысына қаржы бөлініп, жас бишілер тобына арнайы костюмдер сыйға тартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум