Халық банкінің қомақты қаражатын банк қызметкерлерінің өздері жымқырған - ОҚО ІІД

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Халық банкінде қомақты ақша сомасын қызметкерлердің өздері жымқырған, деп хабарлады ОҚО Ішкі істер департаментінен.
None
None

Тергеу басқармасының басшысы Нуридин Дауылбаевтың айтуынша, Шардарадағы банктің тоналуына 7 қызметкердің қатысы бар.

«Олар барынша мұқият дайындалған. Барлық бейнекамералардың қайда орналасқанын біліп, оларды сөндіріп тастаған. Бөлмелердің қалай орналасқанын және қоймаға қалай кіруге болатынын білген. Оқиға орнынан қылмысты дәлелдейтін айғақтар табылмады», - деді ол баспасөз мәслихаты барысында.

Қылмыс 2013 жылдың желтоқсан айының ортасында жасалған. Қылмыскерлер өз ойларын небәрі 14 минут ішінде жүзеге асырған. Сырттан келген адамдар осынша уақыттың ішінде мұндай істі жасап үлгермес еді, полицияда қылмыскерлердің басқан әр қадамы есепке алынды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осы уақыт ішінде олар терезелердегі торларлы кесіп, камераларды өшіріп, сейфті ашып, 63 млн. теңгені сөмкелеріне салып, іздерін жасырып үлгерген, ал сырттан келген адам үлгермес еді. Сол себепті банктің тоналуына оның қызметкерлерінің қатысы бар деген болжам бірден назарға алынды.

Күдікті ретінде 1987 жылы туған банк күзетшісі ұсталды. Үш ай өткеннен кейін барып қана ол банкті басқа қызметкерлермен бірге тонағанын мойындады. Олар осынша уақыт бойы Халық банктің Шарадара филиалында жұмыстарын жалғастырып келген. Қылмыстық полиция қызметкерлері тағы алты күдіктіні ұстады. Олардың бәрі Шардара ауданының тұрғындары. Қазір ұсталғандар кінәларын мойындап, өкініштерін білдірді. Ұрланған ақшаның қайда екенін полицейлер тергеу мүддесі үшін жария етпеді.

Сонымен бірге, осы себепке байланысты банктің қамауға алынған қызметкерлерінің аты-жөндері де жарияланбады. Алайда бейресми мәлімет көздерінің хабарлауынша, Шардарадағы Халық банкі филиалының басшысы қамауға алынған деген хабар бар. Әл-Фараби атындағы аудандық соттың кеңсесі қамауға алу туралы шешім шығарылғанын, артынша Халық банкі облыстық филиалының директоры Әнуар Мақұлбаев қамауға алынғанын хабарлады.

Аталған қылмыс бойынша тергеу ісі жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар