Халық қабылданатын заңдар туралы депутаттардан бұрын білетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігінде мекемеаралық комиссияның отырыстарында қаралатын заң жобаларын кеңінен түсіндіруге арналған баспасөз орталығы ашылды.
None
None

Орталық басшысы Олжас Рамазановтың айтуынша, мекемеаралық комиссия - бұл заң шығарудың алғашқы сатысы. Сондықтан баспасөз орталығы арқылы қарапайым халық қабылдауға жіберілетін заңдар туралы депутаттардан бұрын білетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық заңдар адымен Әділет министрлігі жанындағы мекемеаралық комиссияда қаралады. Сондықтан оны заң шығарушы жұмысының алғашқы сатысы деуге болады. Құзіретті министрліктер осында  дайындалған заң жобаларын таныстырады. Комиссияның қарауынан кейін олар заң шығарушы органға, яғни Парламентке жіберіледі», - дейді О.Рамазанов. 

Айта кетейік, жаңа баспасөз орталығының залында бұрын министрдің кабинеті болған. Министр Марат Бекетаев өз кабинетін басқа көрші бөлмеге ауыстырды. 

 «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатқан заң жобаларын ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған орай, біздің баспасөз орталығымыз мекемеаралық комиссияда қаралатын заң жобалары туралы ақпаратты қоғамға жеткізетін болады. Жаңа залда журналистер комиссияның жұмысын тікелей эфирде көре алады. Ал әрбір баяндамадан кейін сөз сөйлеген адам осында келіп, бұқаралық ақпарат құралдарының сұрағына жауап беретін болады. Бүгіннен бастап мекемеаралық комиссияның жұмысы осындай форматта ұйымдастырылады», - деді М.Бекетаев баспасөз орталығының ашылу рәсімінде.


Арман Асқаров

Соңғы жаңалықтар