Халық партиясының мүшелері елордада акция өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясының мүшелері ауқымды акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

ҚХП атынан депутаттыққа кандидаттар мен қозғалыс мүшелері партия логотипінің фонында үгіт жүргізді. Логотип астананың орталығында, «Бәйтеректің» жанында орналасқан ең үлкен LED-экранда орналастырылды. Осыған орай партия мүшелері үгіт-насихат жүргізіп, астаналықтарға партияның бағдарламасы жазылған парақшалар мен кітапшалар таратты.

Акция ұйымдастырушылары Аяз Ата мен Ақшақардың костюмін киіп, елорда тұрғындары мен қонақтарын жаңа жылмен құттықтады.

«Мемлекет лайықты қарттыққа да кепіл болуға тиіс. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың жинақ деңгейі төмен. Ынтымақты жүйеге қайта оралып, зейнет жасын төмендету туралы мәселені қайта қарау қажет. ҚХП бәсекеге қабілетсіз жоғары оқу орындарының санын қысқарту арқылы оқыту сапасын арттыруды жоспарлап отыр», – деді акция барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Болат Сәрсенбаев.


Соңғы жаңалықтар